Шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат

23.10.2026

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы  2026 жылғы 22-23 қазан аралығында Көкшетау қаласында 8-11 сынып оқушыларына арналған шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңін өткізді. 

         Байқаудың мақсаты – қазақ тілі мен ұлттық өнерді құрметтейтін, шығармашылық ойлайтын, ойын дәлелді әрі көркем жеткізе алатын дарынды оқушыларды анықтау, қолдау және олардың шығармашылық дамуына жағдай жасау.

                   Байқаудың міндеттері:

  1. оқушылардың шешендік, әдеби, ақындық және орындаушылық қабілеттерін дамыту;
  2. қазақтың шешендік, поэзиялық және музыкалық мұрасын насихаттау;
  3. оқушылардың сыни, шығармашылық және дербес ойлау дағдыларын жетілдіру;
  4. сөз мәдениетін, әдеби талғамды және қоғамдық пікірталас әдебін қалыптастыру;
  5. авторлық құқықты құрметтеу, академиялық адалдық және жасанды интеллектіні жауапты пайдалану мәдениетін орнықтыру;
  6. шығармашыл оқушылардың тәжірибе алмасуына және кәсіби бағдарлануына мүмкіндік беру.

                   Байқау 6 номинация бойынша өткізілді: 

         Байқаудың қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен келесі жүлдегерлер марапатталды:

  1. «Көркемсөз оқу өнері» номинациясы бойынша Анарбек Тұлпар — Целиноград ауданы, Қоянды ауылының мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.
  2. «Шешендік өнер және сөз сайысы» номинациясы бойынша Жанұзақ Ажар — Көкшетау қаласы, Абай атындағы №3 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы.
  3. «Эссе және әдеби ойлау» номинациясы бойынша Жуманова Аружан — Аршалы ауданы, Абай атындағы Бұлақсай ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.
  4. «Ұлттық аспапта орындау» номинациясы бойынша Сансызбай Әли —Біржан сал ауданы, Құдықағаш ауылының Р. Елебаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы.
  5. «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша Қапыш Аярыс — Қосшы қаласының ІТ мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.
  6. «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша Айвек Иманғали — Аршалы ауданы, Сарыоба ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.

         Байқаудың қорытындысы бойынша ІI-дәрежелі дипломмен марапатталды:

  1. «Ұлттық аспапта орындау» номинациясы бойынша Сапар Жанерке — Аршалы ауданы, Жібек жолы кентінің мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы.
  2. «Ұлттық аспапта орындау» номинациясы бойынша Амангелді Әділжан — Қосшы қаласының Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы.
  3. «Көркемсөз оқу өнері» номинациясы бойынша Ершан Зерде — Шортанды ауданы, Новокубанка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.
  4. «Шешендік өнер және сөз сайысы» номинациясы бойынша Хумархан Нұрсұлтан — Бұланды ауданы, Никольск ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.
  5. «Эссе және әдеби ойлау» номинациясы бойынша Аяпберген Аружан — Бұланды ауданы, Макинск қаласының мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы.
  6. «Эссе және әдеби ойлау» номинациясы бойынша Жартай Жаным — Степногорск қаласының Қ. Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.
  7. «Шешендік өнер және сөз сайысы» номинациясы бойынша Қазис Әділхан — Степногорск қаласындағы №4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.
  8. «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша Серікбай Айым — Бурабай ауданы, Iqanat High School of Burabay мектебінің 9-сынып оқушысы.
  9. «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша Серік Аяна — Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №9 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы.
  10. «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша Оразбай Мұнар — Көкшетау қаласының №14 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы.
  11. «Көркемсөз оқу өнері» номинациясы бойынша Қаратай Алдияр — Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.

Байқаудың қорытындысы бойынша ІII-дәрежелі дипломмен марапатталды:

  1. «Ұлттық аспапта орындау» номинациясы бойынша Үмітхан Ибраһим — Бурабай ауданы, Атамекен ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.
  2. «Ұлттық аспапта орындау» номинациясы бойынша Ерболов Хамза — Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.
  3. «Ұлттық аспапта орындау» номинациясы бойынша Шоқанқызы Айзере — Целиноград ауданы, Қызылжар ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.
  4. «Шешендік өнер және сөз сайысы» номинациясы бойынша Кайратова Каусар — Астана қаласы, №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.
  5. «Шешендік өнер және сөз сайысы» номинациясы бойынша Беркінбай Мейірім — Шортанды ауданы, Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы.
  6. «Шешендік өнер және сөз сайысы» номинациясы бойынша Дюсен Амина — Зеренді ауданы, Қызылсая ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.
  7. «Эссе және әдеби ойлау» номинациясы бойынша Қадысқызы Меруерт — Бурабай ауданы, Атамекен ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.
  8. «Эссе және әдеби ойлау» номинациясы бойынша Аскербек Аяулым — Сандықтау ауданы, Жыланды ауылының негізгі орта мектебінің 9-сынып оқушысы.
  9. «Эссе және әдеби ойлау» номинациясы бойынша Сатыбалды Ұлту — Бурабай ауданы, Iqanat High School of Burabay мектебінің 11-сынып оқушысы.
  10. «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша Алпыс Ілесбек — Ерейментау ауданы, Олжабай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.
  11. «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша Самет Жансая — Жақсы ауданы, Ешім ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.
  12. «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша Жаналы Самат — Көкшетау қаласы, Абай атындағы №3 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы.
  13. «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша Бақыт Рүстем — Целиноград ауданы Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы.
  14. «Көркемсөз оқу өнері» номинациясы бойынша Карина Іңкәр —Жақсы ауданы, Жаңа Қима ауылының Ғ. Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.
  15. «Көркемсөз оқу өнері» номинациясы бойынша Өндіріс Әмірхан — Степногорск қаласы, №4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.
  16. «Көркемсөз оқу өнері» номинациясы бойынша Аралбай Аягөз — Бурабай ауданы, Iqanat High School of Burabay мектебінің 10-сынып оқушысы.

 

Байқаудың қорытындысы бойынша грамотамен марапатталған:

  1. «Шешендік өнер және сөз сайысы» номинациясы бойынша Шернияз Сафуаят — Целиноград ауданы, Қараөткел ауылының мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы.
  2. «Эссе және әдеби ойлау» номинациясы бойынша Рат Эльназ — Зеренді ауданы, Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.
  3. «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша Абдуразақ Иманғали — Қосшы қаласының ІТ мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.
  4. «Ұлттық аспапта орындау» номинациясы бойынша Қойшыбай Аруза — Жақсы ауданы, Ешім ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.
  5. «Көркемсөз оқу өнері» номинациясы бойынша Мұрат Даурен — Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!!!

Просмотров: 45


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу