Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңін өткізу туралы ақпарат
16.10.2026
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2026 жылғы 16 қазанда Көкшетау қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының 11 сынып оқушылары арасында Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңін өткізді.
Президенттік олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
1) орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау;
2) жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқутуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;
3) тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.
Олимпиада екі турда өткізілді, барлық қатысушылар бірінші турда тестілеуден өтті, екінші (шығармашылық) турда эссе жазды.
Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша (математика, физика, химия және биология) тапсырмаларды орындады.
Екінші (іріктеу) кезеңге 20 оқушы қатысты.