Жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының қорытынды кезеңін өткізу туралы ақпарат

09.09.2026

Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында 2026 жылғы 10-12 маусым аралығында жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының қорытынды кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

-жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында өткізілетін М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау;

- жалпы білім беретін оқу орындарының оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау;

- оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту;

- жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық  жұмыс түрлерін жандандыру. Жас буынның тарихи танымдарын, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірге көзқарасын қалыптастыру.

«Мұқағали Мақатаев оқулары» 4 номинация бойынша өткізілді:

1-номинация «Айтып өткен ақында арман бар ма?»

2-номинация «Жыр эстафетасы»

3-номинация «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...»

4-номинация «Дариға, домбырамды берші маған»

Ақмола облысынан  «Мұқағали Мақатаев оқулары»  облыстық кезеңінің 4 жеңімпаз қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша ІІ-дәрежелі дипломмен және 50 мың теңге ақшалай сертификатпен «Айтып өткен ақында арман бар ма?» бағыты бойынша Аршалы ауданы, Абай атындағы Бұлақсай ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Жуманова Аружан марапатталды.

Ж. Өтеев атындағы 50 мың теңге ақшалай сертификатпен «Жыр эстафетасы» бағыты бойынша Целиноград ауданы, Талапкер ауылының ІТ мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Жолдас Назерке марапатталды.

Сертификат және арнайы сыйлықпен марапатталды:

1.«Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» бағыты бойынша Ерболов Расул  -  Ерейментау ауданы, Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;

2.«Дариға, домбырамды берші маған» бағыты бойынша Ануаржан Ақерке марапатталады -  Целиноград ауданы, Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.

Шың жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта тек жеңістер тілейміз!!!

Просмотров: 295


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу