ХХVIІ Республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсының қорытынды кезеңінің қорытындысы
09.09.2026
2026 жылғы 21-24 маусым күндері Семей қаласында жалпы білім беретін ұйымдардың 8-11 сынып оқушылары арасында ХХVIІ Республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсы өтті.
Абай оқуларының негізгі мақсаты қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Абай оқулары 5 номинация бойынша өткізілді:
1) «Абайдың асыл мұрасы»
2) «Абайдың ақын шәкірттері»
3) «Әнді сүйсең менше сүй»
4) «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы»
5) «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі»
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен, алтын, күміс, қола медальдарымен, сондай-ақ арнайы номинациялар бойынша дипломдармен және грамоталармен марапатталды.
Байқауды ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Абай облысының білім басқармасы.
Ақмола облысынан 6 оқушы қатысты:
- "Абайдың асыл мұрасы" номинациясы бойынша Жүсіпбек Іңкәр - Бурабай ауданы, Мәдениет ауылының Есмағамбет Исмаилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
- "Абайдың ақын шәкірттері" номинациясы бойынша Темірхан Гүлім - Бурабай ауданы, Мәдениет ауылының Есмағамбет Исмаилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
- "Әнді сүйсең менше сүй" номинациясы бойынша Амантай Нурали - Қосшы қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 - сынып оқушысы;
- "Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы" номинациясы бойынша Шакей Ілияс - Целиноград ауданы, Қоянды ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
- "Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі" номинациясы бойынша Ғажайып Каусар - Целиноград ауданы, Софиевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
- "Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы" номинациясы бойынша Жүніс Балнүр - Астрахан ауданы, Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.
Байқаудың қорытындысы "Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі" номинациясы бойынша Целиноград ауданы, Софиевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Ғажайып Каусар ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.
Грамотамен "Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы" номинациясы Астрахан ауданы, Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Жүніс Балнүр марапатталды.
Қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Шын жүректен құттықтаймыз алдағы күшті жеңістер тілейміз!!!