Халықаралық балаларды қорғау күніне орай оқушыларға «Ақорда» резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды

09.09.2026

2026 жылғы 29-30 мамыр аралығында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай оқушыларға «Ақорда» резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды. Оған еліміздің барлық өңірінен 100 бала қатысты.

Ақорда төрінде жас қонақтарды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қарсы алды.

Ақорданың кішкентай қонақтарының қатарында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар.

Ақмола облысынан 5 оқушы қатысты:

Аубакирова Дария - Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының Кеңес Одағының Батыры Петр Михайлович Исаков атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;

Хаймолда Іңкәр- Бұланды ауданы, Макинск қаласының Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы;

Закорюкина Анна- Есіл ауданы, Есіл қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

Есенғазы Бота-Целиноград ауданы, Ақмол ауылының мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы;

Қуанышбек Інжу- Қорғалжын ауданы, Шалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.

Аталған шара аясында балалар «Ақорда» резиденциясының орталық салтанатты холы мен ресми қабылдаулар және түрлі жиындар өткізуге арналған залдарын тамашалды. Резиденция аумағындағы бақты аралап көрді.

Сондай-ақ балалар Қазақстан Президентінің жұмыс тәртібімен танысты, еліміздің бас ғимараты туралы қызықты деректерден хабардар болды. Жасөспірімдерге Мемлекет басшысының атынан естелік сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар екі күндік саяхат кезінде оқушылар Президенттік орталық, Байтерек, «Нұр-Әлем» павильоны сияқты Астананың көрікті жерлерін аралады.

Просмотров: 285


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу