3-4 сыныптар арасында «Алтын сақа» республикалық математикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі

09.09.2026

2026 жылғы 19 мамыр күні 3–4 сыныптар арасында «Алтын сақа» республикалық математикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі екі локацияда: Көкшетау қаласындағы Zerdeli Education оқу орталығында және Астана қаласындағы Райымбек батыр атындағы №50 мектеп-лицейі базасында өткізілді.

Олимпиаданы ұйымдастырушылар: «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі.

         Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру, ғылымға баулу, математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру, олимпиада резервтерін қалыптастыру және қабілетті балаларды анықтап, ынталандыру.

Олимпиада мемлекеттік және орыс тілдерінде оффлайн форматта

ұйымдастырылды.

Ақмола облысынан 10 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша 3-сынып оқушылары арасында ІІ-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, грамотамен- 1 оқушы марапатталды.

Олимпиада қорытындысы бойынша 4-сынып оқушылары арасында грамотамен - 4 оқушы марапатталды.

Олимпиада қорытындысы бойынша ІІ-дәрежелі дипломмен Қосшы қаласы, Қосшы қаласының мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушысы Қанат Димаш марапатталды.

Грамотамен Целиноград ауданы, Қоянды ауылының мектеп-лицейінің 3-сынып оқушысы Мұратбек Ернар марапатталды.

Грамотамен марапатталды:

  1. Байжанова Маргарита – Көкшетау қаласы, №5 көппрофильді «Таңдау» гимназиясының 4-сынып оқушысы
  2. Баймырза Ербұлан – Қосшы қаласы, Қосшы қаласының мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы
  3. Кривоусов Михаил – Көкшетау қаласы, №8 жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы
  4. Оңғарбек Бейбарыс – Қосшы қаласы, IT мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы

Сонымен қатар, барлық қатысушыларға сертификат берілді.

Жас математиктерімізді шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!!!

Просмотров: 284


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу