«Мәшһүр-Жүсіп оқулары» республикалық байқауының қорытынды кезеңі туралы қорытындысы
09.09.2026
Павлодар облысы Екібастұз қаласында 2026 жылғы 13-15 мамыр аралығында 8-11 сынып оқушыларына арналған «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» республикалық байқауының қорытынды кезеңі өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту.
Ақмола облысынан 4 оқушы қатысты:
- «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» номинациясы бойынша Эргашев Мұхаммед - Целиноград ауданы, Қоянды ауылының мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
- «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» (зерттеу жоба) номинациясы бойынша Қабибола Мади - Бурабай ауданы, Зеленый бор ауылының мектеп-гимназиясы" 9-сынып оқушысы;
- «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар» номинациясы бойынша Бермахамбет Бейбарыс - Бұланды ауданы,Макинск қаласы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы;
- «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар» номинациясы бойынша Қабақбай Ұлжан - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп - интернатының 10-сынып оқушысы.
Просмотров: 12