7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен Geo Star Ұлттық олимпиаданың республикалық кезеңінің қорытынды ақпараты
09.09.2026
2026 жылғы 12-15 мамыр аралығында Астана қаласында 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен Geo Star Ұлттық олимпиаданың республикалық кезеңі өтті.
Ақмола облысынан Ұлттық олимпиадада 7 оқушы қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша ІІІ-дәрежелі дипломмен – 3 оқушы, грамотамен – 1 оқушы марапатталды.
ІІІ-дәрежелі дипломмен:
- Жексенбай Абужафар - Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы, №4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 7-сынып оқушысы.
- Домбровский Тимур - Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қатаркөл ауылының Досов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.
- Мустафин Альтемир - Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 8-сынып оқушысы.
Грамотамен Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Қасқырбек Дінмұхаммед марапатталды.
Жас географтарымыз шын жүректен құттықтаймыз!!!
Просмотров: 13