5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат

09.09.2026

2026 жылғы 13-14 сәуір аралығында Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының базасында 5-8  сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты – экологиялық мәселелерге қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Байқаудың негізгі міндеттері:

  • Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және белсенді өмірлік ұстанымын дамыту;
  • Табиғи және жасанды экожүйелерді зерттеу мен сақтауға деген қызығушылықты қолдау;
  • Оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін дамыту, туған өлкенің табиғатына құрметпен қарауды тәрбиелеу;
  • Оқушыларды экологиялық бастамалар мен жобаларды іске асыруға тарту.

Байқау бағыттары:

1.«Туған өлке табиғаты» бағыты - туған өңірдің табиғи аймақтары мен экожүйелерінің бірегейлігін көрсететін виртуалды экскурсиялар, 3D-модельдер, интерактивті карталар т.б. (жеке жоба).

2.«Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем» бағыты - табиғат пен оның құбылыстарын бейнелейтін бейнетүсірілімдер, шағын документалды фильмдер, көркем әңгімелер, фотоэсселер (жеке жоба).

3.«Үздік экологиялық бастама» бағыты - экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жобалар, макеттер, экодизайн, аналитикалық зерттеулер, инфографикамен толықтырылған мәтіндік жобалар (командалық жоба, 2 қатысушыдан аспауы тиіс).

4.«Таза қала сізден басталады» бағыты - экологиялық акциялар, көгалдандыру, абаттандыру, фотоесептер, бейнежобалар және қалалық ортаны жақсартуға арналған аналитикалық материалдар (жеке жоба).

Байқауға 57 оқушы қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша 27 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 4 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 9 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен –  14 оқушы марапатталды.

Байқаудың облыстық кезеңінде 1 орын алған 4 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.

І-дәрежелі дипломмен марапатталды:

  1. «Туған өлке табиғаты» бағыты бойынша Бұлғын Шуақ – Астана қаласы, №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 7-сынып оқушысы;
  2. «Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем» бағыты бойынша Зейнолла Дария – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп - интернатының 8-сынып оқушысы;
  3. «Үздік экологиялық бастама» бағыты бойынша Мусапарқанқызы Күналғыс – Целиноград ауданы, Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушылары;
  4. «Таза қала сізден басталады» бағыты бойынша Алтынбек Сағыныш – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп - интернатының 8-сынып оқушысы.

ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:

  1. «Туған өлке табиғаты» бағыты бойынша Шабай Хадиша– Қосшы қаласы, мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы;
  2. «Туған өлке табиғаты» бағыты бойынша Серікбай Нұрай – Көкшетау қаласының Красный яр ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
  3. «Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем» бағыты бойынша  Калибекова Марал– Целиноград ауданы, Талапкер ауылы мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы;
  4. «Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем» бағыты бойынша Ақжол Айя –Есіл ауданы, Есіл қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;
  5. «Үздік экологиялық бастама» бағыты бойынша Ахметов Олжас – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы;
  6. «Үздік экологиялық бастама» бағыты бойынша Қатқай Айару – Көкшетау қаласының №6 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы;
  7. «Үздік экологиялық бастама» бағыты бойынша Малина Милана – Көкшетау қаласының №6 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы;
  8. «Таза қала сізден басталады» бағыты бойынша Хонай Бифатима – Целиноград ауданы, Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
  9. «Таза қала сізден басталады» бағыты бойынша Тилеубай Жәнібек – Қосшы қаласының №1  жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы.

ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:

  1. «Туған өлке табиғаты» бағыты бойынша Махомет Владимир– Сандықтау ауданы, Приозёрное ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
  2. «Туған өлке табиғаты» бағыты бойынша Зейнелькабиденова Азиза – Біржан сал ауданы Бұланды ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
  3. «Туған өлке табиғаты» бағыты бойынша Мурат Азат – Степногорск қаласы, Бестөбе кентінің №1 жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
  4. «Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем» бағыты бойынша Әбілхайыр Ілияс – Көкшетау қаласы, №5 «Таңдау» көпсалалы мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы;
  5. «Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем» бағыты бойынша Жмурко Маргарита– Сандықтау ауданы, Приозёрное ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;
  6. «Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем» бағыты бойынша Есен Кәусар – Степногорск қаласы, №4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 7-сынып оқушысы;
  7. «Үздік экологиялық бастама» бағыты бойынша Анес Айдын– Ерейментау ауданы, Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушылары;
  8. «Үздік экологиялық бастама» бағыты бойынша Анес Нұрислам – Ерейментау ауданы, Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушылары;
  9. «Үздік экологиялық бастама» бағыты бойынша Смайлова Аружан – Қосшы қаласы, Р. Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
  10. «Үздік экологиялық бастама» бағыты бойынша Далайхан Күміс – Астана қаласы, №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 7-сынып оқушылары;
  11. «Үздік экологиялық бастама» бағыты бойынша Төлеухан Нұрдина – Астана қаласы, №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 7-сынып оқушылары;
  12. «Таза қала сізден басталады» бағыты бойынша Аскарова Элина – Атбасар ауданы, Атбасар қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
  13. «Таза қала сізден басталады» бағыты бойынша Брестель Элина – Сандықтау ауданы, Приозёрное ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
  14. «Таза қала сізден басталады» бағыты бойынша Рудик Василиса – Степногорск қаласы, Шоқан Уәлиханов атындағы №8 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Просмотров: 9


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу