Жаратылыстану-математикалық бағыттағы география және химия пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңін өткізу туралы ақпарат

09.09.2026

Алматы қаласында 2026 жылғы 27 наурыз – 1 сәуір аралығында жалпы орта білім беру ұйымдарының 9-11(12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы география және химия пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиаданы ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Алматы қаласы білім басқармасы мен Алматы қаласы білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балаларды, талантты жастарды анықтау, қолдау, кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау орталығы.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін көтеру.

Республикалық олимпиада дәстүрлі түрде теориялық және практикалық кезеңнен тұрды.

Ақмола облысынан 14 оқушы қатысты, география пәні бойынша – 8 оқушы, химия пәні бойынша  - 6 оқушы.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша  ІІ-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 5 оқушы және грамотамен – 1 оқушы марапатталды.

II-дәрежелі дипломмен "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, "География" пәні бойынша Арынов Дамир марапатталды:

IІI-дәрежелі дипломдармен марапатталды:

  1. Азиз Алиихсан — Щучинск қаласы, «Білім-инновация» IT лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, "Химия" пәні бойынша;
  2. Серік Арғын — "Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, "География" пәні бойынша;
  3. Булкаиров Бақтияр — "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, "География" пәні бойынша;
  4. Төлегенов Ерсұлтан — "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, "География" пәні бойынша;
  5. Хуатбек Нұрсерік — "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, "География" пәні бойынша.

Грамотамен Щучинск қаласы, «Білім-инновация» IT лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, "Химия" пәні бойынша Ербол Лейла марапатталды.

Олимпиадашыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!

Просмотров: 11


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу