«Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі бойынша қорытынды ақпарат
09.09.2026
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2026 жылғы 30-31 наурыз аралығында Көкшетау қаласында «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өткізді.
Байқаудың мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
«Мағжан оқулары» 4 номинация бойынша өткізілді:
I номинация - «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім»;
II номинация - «Жасынан оқу оқып, өнер қуған...»;
III номинация - «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған»;
IV номинация - «Бәрінен де сен сұлу».
Облыстық кезеңге 36 оқушы қатысты.
«Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша 18 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды: І-дәрежелі дипломмен – 4 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 6 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 8 оқушы, грамотамен – 4 оқушы марапатталды.
«Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» Мағжан шығармаларын жатқа оқу номинациясы бойынша келесі қатысушылар марапатталды:
1. Дастан Айзере - Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы – I орын;
2. Бекболат Нәзік - Аршалы ауданының, Абай атындағы Бұлақсай ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы – IІ орын;
3. Бейсенбай Зухра - Целиноград ауданы, Ақмол ауылының мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы – IІ орын;
4. Аманбаева Зарина - Ақкөл ауданының, Саздыбұлақ ауылының негізгі орта мектебінің 9-сынып оқушысы – IІІ орын;
5. Рамазан Жанерке - Қосшы қаласы, №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы – IІІ орын;
6. Карпыкова Айлина - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп - интернатының 9-сынып оқушысы – IІІ орын;
7. Жайлюбаева Аружан - Атбасар ауданы, Атбасар қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы – грамота.
«Жасынан оқу оқып, өнер куған...» - ғылыми жоба жұмысы номинациясы бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушылар:
1. Бейсембай Мадина - Степногорск қаласы, Бестөбе кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы – І орын;
2. Құнанбай Жанерке - Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы – ІІ орын;
3. Қанатов Бақдәулет - "IQanat high school of Burabay" мектебінің 11-сынып оқушысы – ІІ орын;
4. Бахытжан Наурызбай - Бұланды ауданы, Макинск қаласының мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы – ІІІ орын;
5. Қали Нұрайым - Есіл ауданы, Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы – ІІІ орын;
6. Алдаберген Бұлбұл - Целиноград ауданы, Қоянды мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы – ІІІ орын;
7. Семенча Софья - Атбасар ауданы, Атбасар қаласының №6 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы – грамота.
«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас дарындар (өз шығармаларын орындау) номинациясы бойынша келесі жүлдегерлер анықталды:
1. Ахметжанова Аяулым - Бұланды ауданы, Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы – I орын;
2. Құланбаева Асылжай - "IQanat high school of Burabay" мектебінің 10-сынып оқушысы – IІ орын;
3. Сатылхан Абдулла - Бурабай ауданы, Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы – IІІ орын;
4. Ақатай Ақниет - Қосшы қаласы, № 3 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы – грамота.
«Бәрінен де сен сұлу» - Мағжанның әндерін орындау шеберлігі бағаланады номинациясы бойынша келесі жүлдегерлер анықталды:
1. Жусупов Таймас - Қосшы қаласы, мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы – I орын;
2. Баймулдинова Зере - Жарқайың ауданы, Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы – IІ орын;
3. Маханова Аружан - Степногорск қаласы, Қ.Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы – IІІ орын;
4. Еркен Шахрат - Сандықтау ауданы, Мадениет ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы – грамота.
Мағжан оқулары байқауының I орын жүлдегерлері республикалық кезеңге жолдама алды. Байқау жеңімпаздарына сәттілік тілейміз!!!