Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат

09.09.2026

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы   2026 жылғы 30-31 наурыз аралығында Көкшетау қаласында Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізді.

Олимпиаданың мақсаты – Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады.

Облыстық кезеңге 35 оқушы қатысты.

Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша 16 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды: І-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 5 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 9 оқушы, грамотамен – 1 оқушы марапатталды.

Олимпиада қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

1. Қазкен Аруна - Степногорск қаласы, Бестөбе кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

2. Құлшымбек Қарлығаш - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп - интернатының 11-сынып оқушысы.

         ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

  1. Бектасова Аяжан  - Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;
  2. Биян Әйгерім - Зеренді ауданы, Шағалалы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
  3. Нурланқызы Қарақат -  Аршалы ауданы, Жібек жолы кентінің И. Құтпанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
  4. Сатыбалдиева Ұлту - IQanat high school of Burabay мектебінің 10-сынып оқушысы;
  5. Ғажайып Кәусар - Целиноград ауданы, Софиевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

  1. Қойшығара Жанару -  Целиноград ауданы, Талапкер ауылының ІТ мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;
  2. Қуатжан Аяулым  -  Есіл ауданы, № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
  3. Жанұзақ Ажар - Көкшетау қаласы, Абай атындағы  дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп - интернатының 9-сынып оқушысы;
  4. Болатбекқызы Кәусар - Біржан сал ауданы, Андықожа батыр ауылының  жалпы орта білім беретін  мектебінің 10-сынып оқушысы;
  5. Ашимова Айдана - Ерейментау ауданы, Торғай ауылының  жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
  6. Арын Нұрсәуле - Көкшетау қаласы, Абай атындағы  дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп - интернатының 10-сынып оқушысы;
  7. Тыңхан Ибрагим - Бурабай ауданы, Кенесары ауылының Сәтпаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
  8. Мыңбай Нұрай – Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Насыр Смагулов атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
  9. Ерлан Гүлзат - Шортанды ауданы, Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.

             Грамотамен Жарқайың ауданы, Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Халибек Жаннұр марапатталады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Табыс және алдағы уақытта жеңістер тілейміз!!!

Просмотров: 11


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу