«Ясауитану» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізу қорытындысы

09.09.2026

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы   2026 жылғы 25-27 ақпан аралығында Көкшетау қаласында 6-11 сынып оқушыларына арналған «Ясауитану» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді.

«Ясауитану» республикалық байқауының негізгі мақсаты - қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерін насихаттау. Өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру.

Байқауға Ақмола облысынан 19 оқушы қатысты.

Байқау екі кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезеңде хикметтер жатқа оқылды. Екінші кезең бойынша қатысушылар Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармаларына, хикметтердегі ұғымдарға, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ондағы жәдігерлерге, Қазақстан тарихына қатысты алдын-ала дайындалған билет сұрақтарына жауап берді

            Байқаудың қорытындысы бойынша 4 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды: І-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы марапатталды.

Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындармен мараптталған қатысушылар:

І-дәрежелі дипломмен Амандыққызы Аружан -  Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы № 3  жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы марапатталады.

ІІ-дәрежелі дипломмен Нұрыбекұлы Ахмет -  Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылының  жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы марапатталады.

IІI-дәрежелі дипломмен марапатталды:

1. Ахатқызы Аяулым -  Қосшы қаласы, №3 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;

2. Сайлаубай Асылжан -  Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп - интернатының 10-сынып оқушысы.

Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз!!!

Просмотров: 7


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу