Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезеңін өткізу туралы ақпарат
09.09.2026
2026 жылғы 24-27 ақпан аралығында Астана қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі өтті.
Ғылыми байқаудың мақсаты-оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.
Ғылыми жобаларды қорғау үш бағыт, оның ішінде 10 секция бойынша жүзеге асырылады:
«Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде», секциялар: физика, техника, Жер және Ғарыш туралы ғылым;
«Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу», секциялар: математика, қолданбалы математика, информатика, экономика;
«Салауатты табиғи орта – «Қазақстан-2030» Стратегиясын жүзеге асырудың негізі», секциялар: биология, химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау.
Ақмола облысынан 9 жобамен 15 оқушы қатысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша 6 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 4 оқушы, грамотамен – 3 оқушы марапатталды.
І-дәрежелі дипломмен марапатталды:
1.«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Ақылбай Кәусар – Көкшетау қаласы, №5 «Таңдау» көпсалалы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы;
2.«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Ниязбекова Адель – Көкшетау қаласы, №5 «Таңдау» көпсалалы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы;
IІI-дәрежелі дипломмен марапатталды:
1.«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Рыжков Роман – Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
2.«Информатика» секциясы бойынша Кожанов Амирхан – Көкшетау қаласы, №5 «Таңдау» көпсалалы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы;
3.«Биология» секциясы бойынша Дорошенко Карина – Көкшетау қаласы, Техникалық мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
4.«Биология» секциясы бойынша Петровская Маргарита – Көкшетау қаласы, Техникалық мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы.
Грамотамен келесі оқушылар марапатталды:
1.«Физика» секциясы бойынша Власов Максим – Бұланды ауданы, Макинск қаласының мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы;
2.«Химия» секциясы бойынша Сейтен Әлинұр – Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация лицей-интернатының» 9-сынып оқушысы;
3.«Химия» секциясы бойынша Сабырхан Ілияс – Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация лицей-интернатының» 9-сынып оқушысы.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық ғылыми жобаларбайқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!!!