11-сынып оқушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының қорытынды (республикалық) кезеңін өткізу туралы ақпарат

09.09.2026

2026 жылғы 17-23 ақпан аралығында Алматы қаласында «Хабар» агенттігі» базасында 11-сынып оқушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының қорытынды (республикалық) кезеңі өткізілді. Зияткерлік шоу болып табылатын «ХХІ ғасыр көшбасшысы» телебағдарламасы алғаш рет «Хабар» агенттігінің эфирінде 1999 жылы шыққан.

Зияткерлік ойынның мақсаты: оқушылардың оқу әрекетін ынталандыру, жоғары интеллектуалдық қабілеті бар, дайындығы жақсы әрі дарынды оқушыларды іріктеу және қолдау, Қазақстан Республикасының интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны үш кезеңде өткізіледі:

1) аудандық/қалалық;

2) облыстық;

3) қорытынды (республикалық).

Ақмола облысынан 5 оқушы қатысты:

1. Утегенов Ерасыл - Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

2. Жусупова Зарина - Көкшетау қаласының № 14 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

3. Султанова Сания - Есіл ауданы, Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

4. Солтанбек Аян - Зеренді ауданы, Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

5. Хуатбек Нұрсерік - Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

 

Просмотров: 16


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу