«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінің өткізу туралы ақпарат
09.09.2026
Ақмола облысы білім басқармасының дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатымен бірлесе 2026 жылғы 9-11 ақпан Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының базасында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өткізді.
Олимпиадаға 149 оқушы қатысты.
«Жарқын болашақ» олимпиадасы «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры тарапынан жыл сайын өткізілетін олимпиада болып табылады.
«Жарқын болашақ» олимпиадасына қазақ тілді (ұлты қазақ) және қазақ тілді емес (өзге ұлт өкілдері) 7-11-сыныпта оқитын оқушылар қатысады.
«Жарқын болашақ» олимпиадасы бес бағыт бойынша өткізіледі:
1.«Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу);
2.«Білгірлер бәйгесі» (халық ауыз әдебиеті үлгілері бойынша сайыс);
3.«Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс),
4.«Сөз шеберлері» (шешендік өнер, көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу);
5.«Әнші-бұлбұлдар» (ән айту).
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 51 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 8 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 19 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 24 оқушы, грамотамен – 9 оқушы марапатталды.
1.«Бейнелеушілер» бағыты бойынша (қаз.) Джамбулова Томирис - Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласының № 1жалпы орта білім беретің мектебінің 10-сынып оқушысы;
2.«Бейнелеушілер» бағыты бойынша (орыс.) Тагинцева Дарья- Көкшетау қаласының № 8 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
3.«Білгірлер бәйгесі» бағыты бойынша (қаз.) Казар Маржан - Қосшы қаласының ІТ-мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы;
4.«Жас қаламгер» бағыты бойынша (қаз.) Жартай Жаным - Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы № 9 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
5.«Сөз шеберлері» бағыты бойынша (қаз.) Сэригболатұлы Сәттібек - Ерейментау ауданы, Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
6.«Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша (қаз.) Тұрсынхан Арсен - Зеренді ауданы, Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
7.«Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша (қаз.) Нұрмұхан Әдемі - Көкшетау қаласының № 9 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
8.«Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша (орыс.) Кокорева Мария - Көкшетау қаласының № 5 көппрофильді "Таңдау" гимназиясының 9-сынып оқушысы.