Информатикадан IX Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасының (EJOI) қорытындысы

05.09.2025

✨🏆 Жаңа оқу жылы – жаңа белестер: Ақмола облысының жасөспірімдері информатикадан Еуропалық олимпиадада жоғары нәтиже көрсетті.

2025 жылғы 29 тамыз – 4 қыркүйек аралығында Болгарияның Шумен қаласында информатикадан IX Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы (EJOI) өтті. Бұл беделді додаға 24 мемлекеттің 100 ең үздік жас бағдарламашылары қатысты.

Қазақстан командасының құрамында 4 қатысушы бақ сынасты. Ерекше мақтанышымызға айналған ақмолалық жасөспірімдер – Көкшетау қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушылары Нұрәлі Шаймерден мен Мұғжан Дінмұхаммед қола медаль иегерлері атанды! 🥉🥉

Бұл жеңіс — жас дарындардың ғана емес, ұстаздар мен ата-аналардың бүкіл аймақтың ортақ жеңісі. 🌍💻 Жас таланттардың табандылығы мен еңбегі болашаққа зор сенім ұялатады.

Жас жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! 🎉

Жаңа оқу жылында жаңа белестерді бағындырып, олимпиадалық жеңістерге жете берулеріне тілектеспіз! 🚀

Просмотров: 7944


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу