Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық « Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының қорытындысы

16.05.2025

Жетісу облысы Талдықорған қаласында 2025 жылғы 14-16 мамыр аралығында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының қорытынды кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасында Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, талантты мен дарындыларын анықтау.

«Ілияс Жансүгіров оқулары» қорытынды кезеңіне 3 ақмолалық дарынды оқушылар қатысты.

«Ілияс Жансүгіров оқулары» қорытынды кезеңіне бойынша IІ-дәрежелі дипломмен «Сұлу сөздің сүлейі»-шығарманың көркемдік құрылысын талдау номинациясы бойынша Аршалы ауданы Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы Жібек жолы ауылының  жалпы орта білім беретін мектебінің 9- сынып оқушысы Нұрланқызы Қарақат марапатталды.

ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:

1. «Ілияс – қарасөз шебері» - көркем сөз оқу номинациясы бойынша Алиева Айгерім -  Көкшетау қаласының № 1 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы;

2. «Жаз!Жаз!Қалам, жорғалап» - жас ақындар номинациясы бойынша Ахметжанова Аяулым - Бұланды ауданы Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.

Шын жүректен құттықтаймыз алдағы жеңістер тілейміз!!!

Просмотров: 83


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу